«Кітап шоу-2023» фестивалі
2023-04-22
Media drive
6 көрсетілім

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «Кітап шоу-2023» фестивалі өтті.
Фестиваль түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялаған «2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы» аясында ұйымдастырылды.
Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту, сондай-ақ, түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау.