«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
Media drive
Мақсаты - студенттерге гуманитарлық білім саласында мемлекеттік тілде үздік әлемдік стандарттарға сәйкес білім алуға жағдай жасау.
Міндеттері:
-
әлеуметтік-гуманитарлық саладағы 100 жетекші оқулықты қазақ тіліне аудару;
-
аударылған оқулықтарды рецензиялау жөніндегі сараптау комиссиясын ұйымдастыру;
-
терминологияны жетілдіру, мемлекеттік тілдегі терминдердің көлемін ұлғайту, сондай-ақ оларды танымал ету;
-
білім беру ұйымдарын, кітапханаларды жоба шеңберінде шығарылған оқулықтармен қамтамасыз ету;
-
жастардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында зияткерлік конкурстар, викториналар, дебаттар өткізу.