«Кітап шоу-2023» фестивалі

2023-04-22
Media drive
Ссылка на страницу

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «Кітап шоу-2023» фестивалі өтті.

Фестиваль түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялаған «2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы» аясында ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту,  сондай-ақ, түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау.