«Мен таңдаған мамандық!» атты мерекелік концерт
2022-10-26
Media drive

Іс-шараның мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін арттыру, оны дәріптеу, кітапханалардағы кәсіби кадрлардың тапшылығын жоюға жәрдемдесу, болашақта оларға деген сенімділікті арттыру.
Сондай-ақ, студенттерге экскурсия өткізілді, олар кітапханадағы оқу залдарымен және құрылымдық бөлімдермен танысты. Экскурсия барысында викториналар мен байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар жүлдеге ие болды. Іс-шара барысында студенттер үлкен белсенділік танытты. ҚР Ұлттық кітапханасының атынан оларға естелік кітаптар сыйға тартылды.