«Мен таңдаған мамандық!» атты мерекелік концерт

2022-10-26
Media drive
Ссылка на страницу
ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары «24 қазан – Кітапханашы күні» мерекесіне орай «Мен таңдаған мамандық!» атты мерекелік концерт  ұйымдастырды және оқу орындарының студенттерімен Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін арттыру, оны дәріптеу, кітапханалардағы кәсіби кадрлардың тапшылығын жоюға жәрдемдесу, болашақта оларға деген сенімділікті арттыру.
Сондай-ақ, студенттерге экскурсия өткізілді, олар кітапханадағы оқу залдарымен және құрылымдық бөлімдермен танысты. Экскурсия барысында викториналар мен байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар жүлдеге ие болды. Іс-шара барысында студенттер үлкен белсенділік танытты. ҚР Ұлттық кітапханасының атынан оларға естелік кітаптар сыйға тартылды.