Almaty.tv ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты
2023-04-22
Media drive

Almaty Clean & Green экологиялық акциясы аясында «Алматы» телеарнасының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікке 200-ге жуық қызметкер қатысты. Журналистер, операторлар, кеңсе қызметкерлері телеарна ғимаратының айналасын, оған іргелес аумақты тазартты. Мерекенің басты мақсаты – табиғатты аялай білу. Қала әкімдігінің қолдауымен «Almaty Clean & Green» экологиялық акциясы мегаполистің барлық ауданында өтіп жатыр. Шара барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Сондай-ақ сенбілікте мәдени, ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған. Қатысушылар арасында экологиялық тақырыптағы викторина өткізіліп, бағалы сыйлықтар ұтысқа түсті. |