Almaty.tv ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

2023-04-22
Media drive
Ссылка на страницу

Almaty Clean & Green экологиялық акциясы аясында «Алматы» телеарнасының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілікке 200-ге жуық қызметкер қатысты. Журналистер, операторлар, кеңсе қызметкерлері телеарна ғимаратының айналасын, оған іргелес аумақты тазартты.

Мерекенің басты мақсаты – табиғатты аялай білу.

Қала әкімдігінің қолдауымен «Almaty Clean & Green» экологиялық акциясы мегаполистің барлық ауданында өтіп жатыр. Шара барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ сенбілікте мәдени, ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған.

Қатысушылар арасында экологиялық тақырыптағы викторина өткізіліп, бағалы сыйлықтар ұтысқа түсті.