Кітапханада «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» талқыланды

2021-04-26
Media drive
Сайтқа сілтеме
Кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабына жеке тұлғаның дамуы тұрғысынан талқылау ұйымдастырды. ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн-талқыға кітапхана оқырмандары – консерваторияның I курс студенттері қатысты. Онлайн-конференция барысында студенттер кітапты оқығандағы әсерімен бөлісіп, Стивен Р. Ковидің әр дағдысына жеке-жеке тоқталды.

Онлайн-конференция барысында студенттер кітаптан алған әсерімен бөлісіп, Стивен Р. Ковидің әр дағдысына жеке-жеке тоқталды.

«Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының студенті Мұхтар Сәтқозы: «Өскелең ұрпақтың өз ортасында көшбасшы болуы, жақсы мінез қалыптастыруы үшін аталған кітапты оқудың маңызы зор» деген ой айтты. «Домбыра» кафедрасының студенттері Совет Данияр мен Жаншин Дәулет: «Стивен Ковидің кітабындағы дағдыларды күнделікті өмірде іске асырсақ, жетістікке жеткен адамдардың қатарында боларымыз анық» – деп түйіндеді.

Ал «Қобыз-баян» кафедрасының студенттері Еркін Алима мен Таупықова Алтынжан кітапхана ұйымдастырған мұндай конференциялар студенттерді кітап оқуға бастайтынын айтып, ризашылығын жеткізді.