«Әлеуметтану негіздері»

2021-03-18
Media drive
Сайтқа сілтеме

Авторлары: Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортега


Дэвид Бринкерхоф бастаған америкалық әлеуметтанушылардың «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы жөнінде кең мәлімет беріп, пәннің негізгі ұғымдары мен зерттеу әдістерін жан-жақты саралайды.


«Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді. Мәдениет және оған қатысты теориялық көзқарастар, оның әралуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар қамтылып, қоғамдағы институттар туралы толыққанды ақпарат беріледі, қоғам құрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтерi талданады. Оқулық әлеуметтануға қызығатын ортаға, студенттер мен магистранттарға арналған.