«Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» қойылымы

2023-10-20
Media drive
Сайтқа сілтеме
Республика күніне орай, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» атты қойылымы өтті.

Қойылым барысы Абылай ханды ұлы тұлға ретінде көрсетіп, оның тарихи сахнада алатын орнын бағалап, ардақты бабамыз Абылай ханның жетістіктері мен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария етіп, қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай ханның бейнесін қалыптастыруды жан-жақты көздеді.

Жобаның мақсаты: Абылай ханның тарихи мұрасын, оның ұлы даланы дамытуға қосқан үлесін насихаттау. Туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен бай мұраларына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Қойылым қаламыздағы шығармашылық оқу орындары: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.