«Күмбірлеген күй атасы – Құрманғазы» концерті

2023-05-03
Media drive
Сайтқа сілтеме
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына орай «Күмбірлеген күй атасы – Құрманғазы» атты концерті ұйымдастырылды.
Концертте опера және балет театрының жетекші әртістері мен Нұрғиса Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі қатысты.
Сонымен қатар, бағдарламада Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың «Құрманғазы» операсынан ария мен дуэттер шырқалып, Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсынан ария, Нұрғиса Тілендиев, Дина Нұрпейісова, Евгений Брусиловскийдің шығармалары орындалады. Сондай-ақ, кеште опера солистері Талғат Күзембаев (ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), Балапан Жұбаева (ҚР Еңбек сіңірген әртісі), Ильяс Артағалиев, Есенгелді Рза, Айдос Жабағин, Төлеген Рахымбаев өнер көрсетті.