«Қайталанбас өнер иесі, ұлы күйші - Құрманғазы» атты кітап көрмесі
2023-04-27
Media drive
көрсетілім

Өнер бөлімінің оқу залында белгілі қазақстандық музыкант, композитор, домбырашы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Қайталанбас өнер иесі, ұлы күйші - Құрманғазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты - көрнекті композитор Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылық және музыкалық мұрасын өзектендіру, қазақ халқының ғасырлар бойғы ауызша-музыкалық мұрасын зерделеу және насихаттау.