Шархан Мұхаммед-Қанапияның «Тәтті мұң» атты кітабының тұсаукесер рәсімі «Күй атасы – Құрманғазы» флешмобы

2023-04-24
Media drive
Сайтқа сілтеме

Биыл – Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл. Осыған орай әсем шаһар Алматыда 200 күйшінің басын қосқан флешмоб өтті.

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орынының білімгерлері, ұстаздары жиылып, бір мезетте «Адай» күйін шертті. Іс-шараның басты мақсаты – айтулы мерейтой қарсаңында күйді дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық өнерді сіңіру.

Ашық аспан астында баба мұрасын қайта тірілтіп, жиылған қауымның жанын тебіренткен жас өрендер жастайынан домбыраны үйреніп жүр. Олардың айтуынша, күй өнерін дамыту – міндет.