Кәрима Сахарбаеваның ғылыми-практикалық конференциясы

2022-12-08
Media drive
Сайтқа сілтеме
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәрима Сахарбаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында ұйымдастырылды. Жиын барысында Кәрима Сүндетқызының «Домбыра сазы» деп аталатын кітабының тұсауы кесілді. Мерекелік жиынға еліміздің өнер қайраткерлерінен бөлек, көршілес мемлекеттердің өнер жұлдыздары да келді.