«Алатау» театрында «Әгугәй мен Игигәй» ертегісінің тұсаукесері өтті

2022-02-15
Media drive
Сайтқа сілтеме

«Алатау» дәстүрлі өнер театры балалар жылының алғашқы премьерасын «Әгугәй мен Игигәй» музыкалық ертегісімен бастады.  

Халық ауыз әдебиетінің негізінде құрастырылған қойылым қазақ ән-би өнері мен бабалар тарихын дәріптейді. Ал тұсауы кесілген су жаңа қойылымның режиссері – актер, сықақшы Нұржан Тұтов.

Айта кетейік, бұған дейін аталған өнер ордасында жас ұрпаққа салт-дәстүрді дәріптейтін «Ғұрып» театралды қойылымы ұсынылған еді.   

«Қазақи тәрбиесі бар ертегі ұсынып отырмыз. Бүгінде залымыз толы. Ертең де солай болмақ. 2 күндік премьера өткіземіз. Балаларды тәрбиелеу отралықтарына, жалпы ата-аналардың бәріне кеңес беремін. Келіп, балаларымен көріп кетсе, жақсылыққа жамандықпен жауап беруге болмайтынын үйреніп кетсе, «Алатау» дәстүрлі өнер театырының ұжымының үлкен жетістігі болар еді деп ойлаймын», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Заитов.