«Республикалық оқу орындарында қазақтың дәстүрлі музыкасын зерттеу және оқыту міндеттері» тақырыбында әдістемелік семинар

2023-01-16
Media drive
Сайтқа сілтеме

2023 жылдың 19 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасы «Республикалық оқу орындарында қазақтың дәстүрлі музыкасын зерттеу және оқыту міндеттері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді. Семинар аясында: 1. Музыка колледждеріндегі «Қазақ музыкалық әдебиеті» және жоғары оқу орындарындағы «ХХI ғасырдағы «Қазақ музыкасының тарихы» (мазмұны мен оқыту әдістемесі); 2.Республиканың оқу орындарында қазақ дәстүрлі музыкасын зерттеу және оқыту міндеттері (гуманитарлық және әдіснамалық аспектілер) секілді мәселелер талқыланады. 

Семинардың мақсаты – ХХІ ғасырдағы «Қазақ музыкалық әдебиеті» (дәстүрлі музыка кезеңі) және «Қазақ дәстүрлі музыкасының тарихы» курстарының мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін талқылау; оқу бағдарламаларын қазіргі заман оқу үдерісіне бейімдеу; ғылыми-оқытушылық тәжірибені жинақтау және болашақтағы перспективаларды болжау секілді ғылыми және оқу-әдістемелік өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу болып табылады.