«Сыр бойындағы шайырлы дәстүр және ислам мәдениеті» кітабы жарық көрді

2022-11-25
Media drive
Сайтқа сілтеме
«Сыр бойындағы шайырлы дәстүр және ислам мәдениеті». Осындай атаумен жыршы, әдебиеттанушы ғалым Ұлжан Байбосынованың кезекті туындысы жарық көрді.
Кітапта автордың 10 жылға жуық еңбегі топтастырылған. Онда қазақ топырағындағы жыршылық, жыраулық және оны орындаушылық дәстүр кеңінен көрініс тапқан. Туындының тұсаукесер рәсімінде Ұлжан Байбосынованың ұстаздары, әріптестері мен шәкірттері келді. Іргелі зерттеу мың данамен жарық көрді.