Алматыда «Отырар сазы» оркестріне 40 жыл толуына орай концерт өтті

2022-11-09
Media drive
Сайтқа сілтеме
«Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестріне – 40 жыл. Осыған орай Республика сарайында әуезді, сазды кеш өтті.
Сахнада оркестрдің сүйемелдеуімен Жәмила Серкебаева, Азамат Жылтыркөзов, Светлана Айтбаева өнер көрсетті. Нұрғиса Тілендиев негізін қалап кеткен ұжым - тек фольклорлық аспаптарды пайдаланатын елдегі жалғыз оркестр. Алғашында шағын ұжым болып ашылған ансамбль 1982 жылы «Отырар сазы» деген атпен үлкен оркестрге айналды. Оның құрамында 66 музыкант бар. Арасында ардагерлер өнерпаздар да бар.