Науырызнама онкүндігі «Ұлттық спорт күні»

2024-03-20
Media drive
Сайтқа сілтеме
Науырызнаманың «Ұлттық спорт күні» мерекесіне орай, мектеп оқушылары арасында өткізілген жарыстың мақсаты- ұлттық спорт ойындардың мазмұнын дәріптеп, өскелең ұрпаққа жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Ата-бабамыздан қалған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз Арқан тарту, Бес асық, Асық ату, Тоғызқұмалақ т.б. ұлттық спорт түрлері жастардың нағыз азамат болып қалыптасуына, бойындағы табиғи дарынын шыңдауға, ақыл-ой парасатының толысуына, салауатты өмір салтын ұстанып денсаулыққа аса мән беруіне бағытталған.