Жас суретшінің картиналары отбасы құндылықтарын дәріптейді

2024-02-09
Media drive
Сайтқа сілтеме
Жас та болса өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген суретші Нұрболат Асқардың картиналары адамды бірден баурап алады екен. Оған Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ашылған ĞALAM деп айдар тағылған жеке көрмесіне барғанда көзіміз жетті.
Өмір болған соң кей-кейде жанымызды мұң басып, көңілімізге сәтсіздіктердің көлеңкесі түсіп, жабырқап қалатынымыз бар. Ал ондай сәттерде өнер деген құдіреттің де жан-дүниеңізге шуақ себетін кездері болады. Нұрболаттың ĞALAM-ы сіздің жан дүниеңіздің ішкі қылдарын нәзік қана шертіп өтері сөзсіз. Әлдебір күйге бөлеп, тіпті қолмен ұстай алмайтын шабыт сыйлауы мүмкін. Демек, ĞALAM жәй ғана көрме емес, ол – адамның ішкі ғаламы. Иә, жас суретшінің туындыларында күнделікті өмірдің жан тебірентерлік сұлулығы, күн сайын кездесетін жаңа эмоциялар мен алуан түрлі мезеттер бейнеленген. Бәрінде де жұмсақ жылы түстер басым.