
Қазақстанның халық әртісі, «Өнердің Махамбеті» атанған актер Тұңғышбай Жаманқұлов 75 жасқа толды. Алматыда театр саңлағының туған күніне орай шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Мақсаты - ғұмырын қазақ мәдениетінің дамуына арнаған азаматтың, қойылымдарында өз кейіпкерін шебер сомдаған дарынды тұлғаның шығармашылығын өнер сүйер қауымға паш ету.