«ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» танымдық-интеллектуалдық білім сайысы
2023-11-17
Media drive
Қаладағы мектеп оқушыларының арасында қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына деген құрметін арттыру және білімді де білікті оқушылардың шығармашылықтарын насихаттау, өзге оқушыларға үлгі ету мақсатында «ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» атты танымдық-интеллектуалдық білім сайысы өтті.
Білім сайысы 8-10 сынып оқушылары арасында өтіп, онда 8 ауданнан келген командалық топтар бақ сынады.
Сайыс барысында командалар көрермендерге қазақ халқының салт-дәстүрлері: «Тұсау кесу», «Бесікке салу» қойылымдарын, қазақ мәдениетінде үлкен орны бар көркем фильмдерден үзінділер ұсынды.
Сайыс нәтижесінде: І ОРЫН - Әуезов ауданы – «Бәйтерек» тобы, ІІ ОРЫН - Алатау ауданы – «Топжарған» тобы, ІІІ ОРЫН - Медеу ауданы – «Думан» тобы жеңіске жетті.
Барлық қатысушылар белсенділік танытқаны үшін мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.