Алматыда ұлттық құндылықты дәріптеуге үйрететін семинар өтті
2023-11-15
Media drive

Семинар-практикумның мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жастарды тәрбиелеудегі заманауи үдерістерді қалыптастыруға бағытталған идеологиялық бағдарламаларды түсіндіру.
Семинарға мемлекеттік қызметкерлер (қала және аудан әкімдіктері мамандары), Жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің, кітапханалардың және музейлердің қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар, іс-шара барасында тәжірибелік жұмыстар, тақырыптық ой бөлісу жүргізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.