Алматыда Республика күні аталып өтті

2023-10-25
Media drive
Сайтқа сілтеме
Республика күніне арналған акция аясында «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды.

Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде» қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті.