«Азия дауысы»: музыкалық фестиваль қайта жанданды

2023-07-04
Media drive
Сайтқа сілтеме
Талантты жастарды танытқан «Азия дауысы» байқауы жанданды. Медеу мұз айдыны кешенінде жобаның ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Сахнада эстрада жұлдыздары мен «Жас қанат» байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті.
Еске салсақ, фестиваль ең алғаш 1990 жылы басталып, 2004 жылға дейін дәстүрлі түрде өткізіліп келген еді. Енді талай талантты әлемге танытқан байрақты бәсеке қайта жалғаспақ.