Алматыда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

2023-07-03
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Аңыз Домбыра» мерекелік концерті өтті.
Оған танымал күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысты. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің танымал халық әндері мен шығармаларын орындады.
Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін – талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.