«Күлпет» романы оқырманға жол тартты

2023-04-28
Media drive
Сайтқа сілтеме

Жазушы-публицист Шархан Қазығұлов «Күлпет» романын жас оқырмандарға таныстырды.

5 мың тиражбен басылып шыққан тырнақалды туындыда автор адамзаттың алдында тұрған мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді. Автор қазақстандық көркем әдебиетті әлемдік деңгейге көтеруге ұмтылғанын айтады.

10 ай бойы жазылған романға патриоттық сезім, туған жердің қадірі арқау болған. Туындыда осыдан 37 жыл бұрын шетелге көшіп кеткен қазақтың өмірі баяндалады. Ол қанша ел көріп, белді қызмет атқарса да кемелденген шағында туған жерді аңсайды.