Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық еңбек жарық көрді

2023-04-25
Media drive
Сайтқа сілтеме

Ұлттық кітапханада көрнекті қазақ жазушысы, қазақ интеллектуалды прозасының ірі өкілі, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Рахымжан Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Ұлттық библиография қызметінің библиографы Нұрымбаева Жадыра слайд арқылы библиографиялық көрсеткішпен таныстырды. Көрсеткіштегі материалдар 1977 жылдан 2022 жылдың қараша айына дейінгі кезеңдегі жазушының кітаптары, әңгімелері, повестері, өлеңдері, пьесалары, аудармалары, әдеби сын-зерттеулері, мақалалары, баяндамалары, сұхбаттары, қатысуымен шыққан басылымдары және өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған еңбектерді қамтиды.