Қали Сәрсенбайдың кітабының тұсауы кесілді

2023-04-26
Media drive
Сайтқа сілтеме

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбайдың екі бірдей кітабының тұсауы кесілді.

Туындылар жазушының «Тұлғатану» сериясымен жарық көріп отырған жетінші, сегізінші кітабы. Оның бірі кәсіби журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанболат Аупбаевқа арналады.

Ал екінші кітап КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты және Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімұлына арналған. Бұған дейін де Қали Сәрсенбайдың аңыз адам жайында жазған тағы бір туындысы жарық көрген еді. Ал кезекті кітапта даңқты тұлғаның өмірбаяны толықтырылып, тосын қырлары мен сырлары еңбекке арқау болды.