«Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясы

2023-04-18
Media drive
Сайтқа сілтеме

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде белгілі суретші Қырым Алтынбеков атындағы көрме-фойе және «Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясының салтанатты ашылуы өтті.

Шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне (Дүниежүзілік мұра күні) орай ұйымдастырылды.

Көрме-фойеге белгілі суретші-реставратор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбековтің жұмыстары қойылды.

«Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясы жалпы заңдылықтармен халықтық сәулет түрлерінің дамуына байланысты қазақ халқының дәстүрлі білімінің аймақтық ерекшеліктері және жергілікті ерекшеліктерімен таныстырады.