«Қара шаңырақ – 2022» театр фестивалі
2022-12-13
Media drive

Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту.
Шараның ашылу салтанатында кітаптардың тұсаукесері, "Ә.Мәмбетовтің туғанына – 90 жыл" атты көрме "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясының көрсетілімі өтті.
Фестиваль барысында Қ.Бегмановтың "Менің Мұстафам!.." моноспектаклі, Д.Исабековтің "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасы, Р.Отарбаевтың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы, М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясы және өзге де қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.