Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті

2022-12-18
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті.
Әуесқой спортшылар Қонаев қаласына дейін 75 шақырым жолды жаяу жүгіріп өтті. Ең жас қатысушы 14 жаста болса, ең үлкені 83 жаста. Командалық жарыста қатысушылар бір-бірін алмастырып отырды. Салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен іс-шараны Қонаев атындағы халықаралық қоғамдық қор ұйымдастырды.