Тәуелсіздік монументіне гүл шоғы қойылды

2022-12-16
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматы әкімі Ерболат Досаев Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік» монументіне салтанатты түрде гүл шоғын қоюға қатысты.
Салтанатты рәсімге қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар және тағы басқалар қатысты.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрмелі оркестрі және сарбаздарының Қазақстан Республикасы Гимн орындауымен аяқталды.