«Азаттық аңсаған» атты кітаптың тұсауы кесілді

2022-12-12
Media drive
Сайтқа сілтеме
«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы». Алматыда жастар желтоқсаншылармен кездесу кешін өткізді.
Олар 1986 жылғы тарихи оқиғаны еске алып, Тәуелсіздік жолында қаза тапқандардың рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздік жариялады. Іс-шара барысында желтоқсан қаһармандары тағылымды әңгімелерін айтып, жастар өлең оқып, өнер көрсетті.
Бұдан бөлек, кездесу кезінде алаштанушы-ғалым, Президент сыйлығының лауреаты Болатбек Төлепбергеннің «Азаттық аңсаған» атты кітабының тұсауы кесілді. Деректі хикаят желтоқсан  көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Құрманғазы Айтмұрзаев пен оның кезінде репрессияға ұшыраған атасы жөнінде жазылған. Автор қазақтың бір әулетінің тағдыры арқылы тарихты көрсетуге тырысқанын айтады. Кітап таралымы - мың дана.