«Қара шаңырақ – 2022» атты фестивалі басталды

2022-12-06
Media drive
Сайтқа сілтеме
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Қара шаңырақ – 2022» атты фестивалі басталды.
Іс-шара биыл КСРО және Қазақстанның Халық әртісі,  кино және театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған. Жыл сайын ұйымдастырылатын фестивалде театрдың бір маусымында шыққан жаңа спектакльдерге талдау жасалады. Мақсаты – жаңа қойылымдардың сапасын, актерлердің шеберлігін бағалау.
Әкемтеатр ұжымы Әзірбайжан Мәмбетовке арналған көрме де ұйымдастырған. Онда өнер ордасының музейінде сақталған 100-ге жуық фотосурет пен афишалар ұсынылған. Қоғам қайраткерінің тарихи спектакльдердегі сахналық образы, майлы бояумен бейнеленген портреттері қойылған.