Алматыда дарынды балалардың концерті өтті

2022-12-05
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты ұжымының есеп беру кеші өтті.
Салтанатты жиында оқушылардан құралған бірнеше оркестр өнер көрсетті. Өнерпаздардың қатарында халықаралық және республикалық сайыстың жеңімпаздары да болды. Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Алатау дәстүрлі өнер театрында өткен мерекелік концертте жас таланттардың өнеріне жоғары баға берілді.