«Ақселеу Сейдімбек - Ұлы даланың дара тұлғасы» еске алу кеші
2022-10-27
Media drive

Шара барысында жыршы Әбіш Әділбек Қабан жыраудың «Мұсылмандар жарандар» атты термесін және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Айдос Шәкірт Ақселеу Сейдімбектің әндерін орындады.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлы даланың дара тұлғасы» атты безендірілген кітап көрмесіне кітапханашы Қарабаев Құрмет шолу жасады.
Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, Алматы темір жол көлігі колледжі, Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері, және т.б.