Алматыда Республика күніне орай оқушылар диктант жазды

2022-10-17
Media drive
Сайтқа сілтеме
Қорытындысы талқыланып, талданып, әлеуметтік желілерге салынады.
Бұл іс-шарадан №1 Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі де тыс қалмады. Қазақ және орыс тілінде «Туған жер» тақырыбында диктант жазуға 1-2 курс студенттері қатысты. Аталмыш білім мекемесінің директоры мұндай іс-шара жастардың патриоттық сезімін арттырады дейді. Ұстаздардың айтуынша, колледж педагогикалық бағытта білім беретіндіктен жыл сайын студенттердің көрсеткіші де жақсарып келеді.
«Біздің №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде де Республика күніне орай жалпыұлттық Республикалық диктант, патриоттық негізде диктант жазды. Қазіргі уақытта  1-2-курстың студенттері толық қатысты. Диктанттың жалпы қорытындысы талқыланып, талданып, әлеуметтік желілерге салынады», – деді №1 Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры Мағишат Меңдіғазиева.