Алматылық студенттің анимациялық фильмі Түркиядағы фестивальде үздік атанды

2022-03-28
Media drive
Сайтқа сілтеме

ҰКҚО қолдауымен түсірілген “Кино және ТВ” факультетінің 2-курс магистранты Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» қысқа метражды анимациялық фильмі Rotary Uluslararası Kısa Film Festivali (ROFIFE) кинофестивалінде “Үздік анимациялық фильм” сыйлығын жеңіп алды.

Фестиваль 17-20 наурыз аралығында өткен. Картина «Анимациялық фильм» номинациясында ұсынылған 367 фильмнің ішінен іріктеліп алынды.