«Заттар өмірі»: Алматыда ерекше туындылар көрмесі ашылды

2021-09-21
Media drive
Сайтқа сілтеме

«Заттар өмірі». Осындай атаумен қылқалам шеберлері пластик, металл, маталар, резеңке және тағы басқа заттарға екінші рет өң беріп, ерекше туындылар көрмесін жасады. Республика сарайында ашылған көрме қазан айының 8-іне дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экспозицияға ел суретшілерінің соңғы 30 жылдағы жұмыстары қойылған. Авторлар  шикізат көздерін қолдану арқылы жаңа эсететика іздейтінін аңғарсақ, екінші жағынан эко-жүйеге ерекше көзқараспен қарауды меңзейді. Көрмеге қойылған әр туындыдан еліміздің тарихи кезеңдерін айқын көруге болады.  

«Бұл Тәуелсіз Қазақстанда жасалған, яғни, 30 жылдан бері салынған туындылар. Көрмеге 12-ден астам суретшілердің жұмыстары қойылған. Экспозиядан заттардың авторлардың шығармашылығына қаншалықты әсер ететінін көруге болады», - деді көрме жетекшісі Владислав Слудский.

Бұдан бөлек, Абай алаңында «Тәуелсіздіктің алтын бесігі»атты жас фотосуретшілердің  көрмесі тұрғындар назарына ұсынылды. Ашық аспан аясында Алекс Пфлаум, Марат Дильман, Бауыржан Бисмильдин сынды шеберлердің жұмыстарын тамашалуға болады.