Ыстамбұлда Алматы музейлер бірлестігінің «Дала дауысы» халықаралық көрмесі өтті

2022-12-14
Media drive
көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
Ыстамбұл қаласында Алматы музейлер бірлестігінің «Дала дауысы» халықаралық көрмесі өтті. Бас консулдықтың қолдауымен ұйымдастырылған шара Тәуелсіздік күні мен Қазақстан-Түркия дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына орайластырылған.
Көрмеде қала тұрғындарының назарына Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейінің қорындағы құнды жәдігерлер ұсынылды. Олардың қатарында белгілі тұлғалар қолданған аспаптардың дәлме-дәл көшірмелері де бар. Шараға келген түркиялықтар қазақтың көне музыкалық аспаптарын асқан қызығушылықпен тамашалады.