«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі Мәскеуде сахналанды
2022-11-15
Media drive

Көненің көзіндей болған махаббат хикаясы эмоцияға толы. Театр сыншылары студенттердің кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Дайындыққа алты айдан астам уақыт кеткен.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бірнеше тілге аударылған дастан. XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен лиро-эпостық жыр бүгінде халықаралық деңгейде мойындалған құнды мұра. Ресей театрты институтында қойылған қазақ тіліндегі спектакль көптің көңілінен шықты. Дәл осы нұсқаны жас актерлер Еуропаның талғампаз көрерменінің назарына ұсынсақ дейді.