Көшпенділер әлеміне саяхат

2022-04-25
Media drive
Сайтқа сілтеме

2022 жылғы 23 сәуірде «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» және «Қазақстанның қасиетті географиясы» этножобалар бағыттары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім алушыларына арнайы Алматы облысында орналасқан «Көшпенділер шахары» тарихи-мәдени кешеніне баруға танымдық-ағартушылық шарасы ұйымдастырылды.

Студенттік саяхаттың мақсаты - жатақханада тұратын шалғайдан келген белсенді студенттердің уақытын тиімді қолдану, отаншылдық рухта мемлекетшілдік сезімді нығайту үшін тарихи-рухани орталарға апару болды. Ашық аспан астында Қазақстанның рухани құндылықтарын біліп құрметтеуге, жастардың жауапкершіліктерін күшейту қоғамдық-танымдық дәрістер өткізілді. Әлеуметтік желіде студенттік саяхаттың ерекше өтуі туралы арнайы фото және бейнебаян түсіру байқауы жарияланып, үздік бес естелік жұмысқа арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Танымдық дәрістерді өткізу аясында, ата-бабаларымыздың арғы тарихы Сақ-үйсін кезеңінен бастап, Түркі қағанаты, Алтын орда, Моғолстан, Жетісу аймағының бай тарихи-рухани құндылықтарын дәріптейтін өлкетану, археология, этнография, қазақ тарихы, тарихи-география және т.с.с кешенді ғылыми деректерімен сусындаған мазмұнды ақпараттар саяхатқа қатысушы жас білім алушыларды қызықтырмай қоймады.

Университет басшылығының қолдауына ие болған жоба өзінің студенттік ортада қажеттілігін көрсетті.