«Латын әліпбилі әдістаным» дөңгелек үстелі

2022-04-01
Media drive
121 көрсетілім
Сайтқа сілтеме
Жүктеу
2022 жылдың 30 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаментіне қарасты «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы «Латын әліпбилі әдістаным» пәні бойынша пікір алмасу дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Оразбаева Ф.Ш. «Латынәліпбилі әдістаным» пәнінің мақсаты мен міндеттері жөнінде кіріспе сөз сөйледі. Қалыбаева Қ. «Латынәліпбилі әдістаным пәнінің білім мазмұны» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада жаңа емле ережелерінің фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптері, қазақ тілінің үндестік заңы мен үйлесім заңдылықтары, осы кезге дейінгі жазу тәжірибесінде қалыптасқан базалық нормалар жайында айтылды. Сонымен қатар латыннегізді әліпбиге көшкен өзге де түркі тілдерінің емле тәжірибелері ескерілді.

Аға оқытушы Сейталиева Қ. «Латынәліпбилі әдістаным пәнінің нормативтік ұстанымдары» тақырыбын баяндау барысында пәннің силлабусымен таныстырып, тапсырмалар мен кешенді жұмыстардың үлгісін көрсетті. Шара барысын С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылары Қоқанова Ж., мен Рауандина А. Қ. жалғастырды.

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, сұрақтар қойылды, талқылау болды.