Алматыда прокуратура қызметкерлері ағаш отырғызды

2022-03-25
Media drive
Сайтқа сілтеме
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында Алатау аудандық прокуратурасының қызметкерлері ағаш отырғызды. Игі бастаманы әкімдік өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырды.

Экологиялық акцияға ұжымның 20-дан астам қызметкері қатысып, қарағаш пен үйеңкінің жас көшетін екті. Айтуларынша, көше бойын абаттандыру жұмыстары қашанда пайдасын тигізбесе, зиян келтірмейді. Жасыл желек – қалаға сая болатын мәуелі бақ. Мегаполистің құбылмалы ауа райы мен ызғырық желіне бөгет болатын берік қорған дейді заңгерлер. 

«Ағаш отырғызу бұл өте сауапты іс. Саялы ықшам ауданында табиғат департаментімен және аудан әкімшілігімен ақылдаса отырып, осы бұрышқа 20-25 ағаш отырғызайын деген ниетіміз бар», - деді Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.