Алматыда «Үздік аула - 2021» жеңімпазы анықталды
Еске салсақ, байқау тамыз айының соңында жарияланды, ал өтінім қабылдау 3 қыркүйекте басталды. Материалдық қорды, ауланы көгалдандыруға қажет заттарды, өсімдіктерді сатып алу үшін бөлінетін бас жүлде 5 миллион теңгені Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесіндегі 15-тұрғын үйдің аула тұрғындары жеңіп алды.
«Біз ауланы жеңу үшін көгалдандырған жоқпыз, бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр. Біздің тұрғындар өте тату, олар өздері тұратын қаласын жақсы көреді. Алматы куніндегі бұл жүлде біз үшін үлкен сыйлық. Мен Алматы тұрғындарына ауланы күтіп-баптауға, оларға қамқорлық жасауға, бастамашылықты танытуға шақырамын», - деді Яна Чистилина.
Қазылар алқасының мүшесі, ландшафт сәулетшісі Гүлзада Қалдыбаева қала тұрғындарының ауласын жақсартуға деген ұмтылысы жоғары екенін атап өтті. «Тұрғындарымыз өзін үлгі ретінде көрсетіп өз еңбегімен жайлы жағдайда өмір сүре алатын көрсетті. Әріптестерімізбен бірге біз көшеттің санын ғана емес, сонымен қатар арамшөптерден тазалығын да бағаладық, суаруға, көгалдардың жағдайына, кіші архитектуралық пішіндердің болуына назар аудардық», - деді Гүлзада Қалдыбаева.
Алматыда 4 183 аула бар. Өткен жылдары 3 мыңға жуық аула жөнделді. Шамамен 550 аула жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің аумағына немесе апатты үйлерге жатады, сондықтан оларды жөндеу мүмкін емес. Биыл «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 536 ауланы жаңарту жоспарланған.