«Ағаштарды аялайық!» челленджі жолданды

2021-08-03
Media drive
Сайтқа сілтеме
«Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджін қолға алып, мекеме айналасындағы, сондай-ақ былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекке су құя бастады. Мақсат – қаладағы барлық мекемені өзіне қарасты, сондай-ақ жақын маңдағы ағаштарға қамқорлық жасауға шақыру.

«Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттерінің қызметкерлері қолдарына шелек алып, жақсы істі бастап та кетті. Осы орайда, өзге әріптестерімізді де челленджді жалғастыруға шақырамыз. Айта кетейік, «Alataý Аqparat» ізгі бастаманы Қазақстан Журналистер одағына, «Вечерний Almaty» – «Новое поколение» газетіне, ал «Almaty aqshamy» – «Қазақ үні» газетіне жолдады