
«Жасыл аула» жобасының мақсаты – тұрғындармен қалдықтарды бөлек жинау және экологиялық мәдениет бойынша белсенді қарым-қатынас орнату. Жоба Алматы қаласын дамытудың Жол картасы аясында Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті мен «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің бастамасымен іске қосылды. Жобаға «EN Social» қоғамдық қоры мен ECO Network қолдау көрсетті.