«Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2023-04-27
Media drive
Сайтқа сілтеме

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР еңбек сіңірген заңгері Сағындық Байсаловтың туғанына 95 жыл толуына орай, «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ауқымды шараға ҚР Парламенті, ҚР Конституциялық соты, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері, белгілі қазақстандық заңгерлер және Ресей, Эстония, Польша, Өзбекстан ғалымдары, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар қатысты.

Конференцияда Сағындық Байсаловтың экология және жер, су қатынастары саласындағы ғылыми-теориялық идеялары мен тұжырымдамаларын талдап, қазіргі таңдағы экологиялық қауіпсіздік жайын қозғады. Атап айтқанда, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, жасыл екпелер алаңын үлкейту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау сияқты өзекті экологиялық мәселелер кеңінен қарастырылды.