Алматылық оқушы бас жүлдені иеленді

2023-04-17
Media drive
Сайтқа сілтеме

Алматылық оқушы республикалық байқаудан бас жүлдені қанжығасына байлады. Астанада жас веб-сайт әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер бақ сынады.

7-сынып оқушысы Айнұрдың кезекті жарысы Елордада өтті. Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 450 оқушы қатысып, 4 санат бойынша жобаcын жіберген. Олардың арасынан Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаcынан 40 бала іріктеліп, ақтық сынға жолдама алды. Ал соның ішінен алматылық оқушы үздік шыққан.

Қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша, «Салауатты өмір салты» және «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасаған.

Жүлдегерлерге құнды сыйлықтар табыс етілген. Жарыс соңында байқауға қатысқандардың барлығы кәсіби мамандардың шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік алды.